Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Самое современное лечение грыж

ОПАБ құрылымы

structuraopab

01
02
03
04
05
06

 

ШЖҚ «Облыстық патологиялық-анатомиялық бюро» МКК «Облыстық аурухана» МКҚК орталықтандырылған патологиялық-анатомиялық бөлімшесінің базасында 2003 жылдың сәуір айынан бастап құрылды.

ШЖҚ «Облыстық патологиялық-анатомиялық бюро» МКК өздерінің патологиялық-морфологиялық зертханалары бар ООД, «Медициналық орталық» ЖШС мен «Талап» АҚ қоспағанда, Орал қаласы мен Батыс Қазақстан облысының АОА 49 емдеу мекемелеріне қызмет көрсетеді. Кәсіпорынның негізгі мақсаты адамның тірі кезінде ауруды диагностикалау, қайтыс болу себебін анықтау, мемлекеттік қайтыс болу себептері статистикасына шынайы мәліметтердің берілуін қамтамасыз ету, емдеуші дәрігерлердің біліктілігін арттру және диагностикалау және емдеу ақаулықтарын талдауды жүзеге асыру жолымен тұрғындарға көрсетілетін емдеу профилактикалық көмекті ары қарай жетілдіру болып табылады.

Патологиялық-анатомиялық бюро қызметінің мәні:

1. Макро және микроскопиялық зерттеу жүргізу арқылы секциялық, ота және биопсия материалдарында аурулардың диагностикасын нақтылау;

2. Аутопсия мәліметтерінен науқастардың қайтыс болу себептері мен механизмдерін анықтау.

БҚО әкімдігі ШЖҚ «Облыстық патологиялық-анатомиялық бюро» МКК заманауи жабдықпен қамтылған.

«Облыстық патологиялық-анатомиялық бюро» директордың м.а., жоғары санатты дәрігер, жұмыс өтілі 26 жыл Наталия Михайловна Шапошникова басқарады.

Патологиялық-анатомиялық бюроның құрылымында медициналық бөлім мен әкімшілік шаруашылық бөлім бар.

Медициналық бөлім меңгерушісі жоғары санатты дәрігер, мамандық бойынша жұмыс өтілі 25 жыл Елена Ивановна Ковалева.

Дәрігерлік құрам 6 дәрігермен қамтылған, 3 дәрігер жоғары санатты және 1 дәрігер бірінші санатты.

Орта буын медициналық ұжымы 16 зертханашымен қамтылған.

Жұмыс уақыты:

ӘШБ 8:00-17:00, түскі үзіліс 13:00-14:00

Мед.бөлім: 09:00-15:10